Өскемен қаласындағы Сбербанк филиалы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне «Сбербанк кітапханасы» сериясынан кітаптар тапсырды, сондай-ақ кітапхананың электронды нұсқасын қолжетімді етті.

Енді 1200-ден астам іскерлік әдебиет және «Сбербанк кітапханасынан»  45-тен астам кітап  студенттерге тәулік бойы және әлемнің кез-келген жерінде электронды түрде қолжетімді болады. Электронды кітапхана үш форматта қолжетімді: Web-формат, сонымен қатар, Интернет желісіне қосылуды қажет етпейтін iOS және Android форматтары. Жинақта кітаптарды зерттеу мәселесінің бағыты бойынша «Көшбасшылықтан» бастап  «Ата-аналарға арналған кітаптарға» дейін  ыңғайлы бөлуді қарастырылған. Арнайы форматтағы «Гибридтік кітаптар»  аудио және мәтіндік форматты қамтиды. Сондай-ақ, университет кітапханасының барлық пайдаланушылары ресейлік «РБК» бизнес-журналына қол жеткізе алады.

Сбербанктің Өскемен қаласындағы филиалы директорының орынбасары Ольга Федоренко: «Біз ШҚМТУ-мен тығыз достық қарым-қатынастамыз. Біздің қызметкерлеріміздің 70 пайыздан астамы Университет түлектері. Болашақта университет қабырғасында қонақ дәрістерін өткізуді жоспарлап отырмыз және студенттерді іс-тәжірибеден өтуге шақырамыз. Кейіннен, айрықша көзге түскен студенттердің бізге жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктері бар».

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.