2016 жылы 1 шілдеде «Инженерлік білімдегі пәнаралылық: СИНЕРГИЯ - жаһандық трендтер және басқару тұжырымдамасы» желілік халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Білім беру бағдарламалары бойынша жаһандық үрдістер тұрғысында инженерлік кадрларды даярлау синергиясы» атты семинар өткізілді. Өткізілген семинар осы үлкен іс-шараның желілік сессиясы болып табылады.

Желілік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушылары болып табылады:

  • Ресей инженерлік білім қауымдастығы (АИОР)
  • Ресей Федерациясы ғылым және білім министірлігі
  • Еуропалық инженерлік білім қоғамдығы (SEFI)
  • Инженерлік педагогиканың Халықаралық қоғамдығы (IGIP)
  • Инженерлік білім қоғамдарының Халықаралық федерациясы (IFEES)
  • Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университеті (ИРНИТУ)
  • Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті (КНИТУ)
  • Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті (ТПУ)
  • И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті
  • В. И. Ульянов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университеті (СПбГЭТУ «ЛЭТИ»)
  • Дон мемлекеттік техникалық университеті (ДГТУ)
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ)

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың желілік сессиясына басқа қаладан келген жоо-ның өкілдері (Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті) және «Қазақстандық климаттың өзгеруін шектеуге бағытталған бағдарлама (ЮСАИД)» ұйымы, оқытушылар, студенттер, магистранттар қатысты. Семинардың модераторы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылым және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Олег Дмитриевич Гавриленко.

Семинар барысында қарастырылған өзекті сұрақтар:          

  • Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына қажетті  инженерлік кадрларды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын дайындау;
  • жоо-да инженер кадрларды дайындау кезіндегі пәнаралылық;
  • көптілді оқытудың маңыздылығы;
  • халықаралық командаларда инженерлік бағыттағы жобаларды іске асыру кезіндегі студенттер мен  оқытушылардың жұмыстары;
  • Шығыс-Қазақстан облысы бойынша кейбір өнеркәсіп салаларын дамыту мәселелері және олардың болашағы;
  • жоо-ның профессорлық-оқытушы құрамының әлеуетін жүйелі дамытудың рөлі;
  • жоо-да техникалық пәндерді оқытудың өзекті және тиімді әдістерді пайдалану;
  • бірнеше ғылым салаларының тоғысындағы зерттеулердің нақты нәтижелері;

Семинар қатысушылары келесі мәселелердің маңыздылығын атап өтті :

  • Еліміздің экономикасында   сұранысқа ие, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауда,  білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
  • жоо-да пәндерді оқытудың  тиімді технологиялар мен әдістерін әзірлеу, іздеу, игеру және қолдану;
  • пәнаралық  жобаларда, соның ішінде халықаралық жобаларға қатысу арқылы бітірушілердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
  • инженер кадрларды дайындау барысында өндіріспен өзара тығыз байланысты сүйемелдеу және дамыту.

Семинарға қатысушылардың баяндамаларын талқылау барысында келесі ұсыныстар анықталды:

  • инженер кадрларды дайындау барысында заманауи трендтер бағытында ғалымдардың дүние жүзілік бірлестігі интеграциясын дамыту қажет;
  • жақын және алыс шетелдік серіктес жоо-мен бірлесе білім беру бағдарламаларын дамыту арқылы инженер кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
  • ЖОО-да пәндерді оқытудың тиімді технологияларын жетілдіру мен игеруге және білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін жетік иелену үшін жағдай жасау;
  • инженер кадрларды дайындау бағыты бойынша практикалық пәнаралық және ғылыми мақсаттарды шешу арқылы жетекші серіктес жоо-мен, жұмыс берушілермен тығыз өзара әрекет жасау.

s15 s4 s5