Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 80-ге жуық студенті «Простор» жазғы экспедициялық кампусына аттанды. Білім алушылар таң сәрісінен жиналып, іс-тәжірибеде қажетті болатын құрал-жабдықтарды түгендеді. «Жер кадастры» мамандығы бойынша оқып жатқан бірінші курс студенті Мадияна Маркенова, Бұхтырма су қоймасы жағалауына барғанды көптен күткенін айтады.
- Екі семестр бойы алған білімдерімізді, енді тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігі туып отыр. Өте қуаныштымыз. Сонымен қатар, топ болып, судың жағалауында демалғанға не жетсін, - дейді Мадияна Маркенова.
"Жер кадастры" сәулет, құрылыс және дизайн Мектебінің ең танымал мамандықтарының бірі. Жастар арасында сұранысқа ие. Аға оқытушы Еркебұлан Бекешевтың айтуынша, бұл құрылыс саласының қарқынды дамуымен байланысты.
— Урбанизация процессі бір сәтке тоқтаған емес. Күнделікті жаңа объектілер, зәулім ғимараттар бой көтеріп жатады. Жер мәселе де әрқашан өзекті. Осы орайда, жауаптылығы жоғары, білікті де білімді мамандар қажет. Біздің студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде шындай алады. Болашақта жұмыс істегенде пайдасы тиері анық, - деп айтты Еркебұлан Бекешев.
«Простор» жазғы экспедициялық кампуста студенттер екі апта болады. Айта кету керек, білім алушылардың барлығы ПТР (ПЦР) анализін тапсырып, оң нәтиже алғаннан кейін ғана жолдама алды. ШҚТУ-дың академиялық жұмыс бойынша проректоры Жадыра Қонурбаева практиканттарға нұсқаулық жүргізіп, сәттілік тілеп, жолға шығарып салды.