«Рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, Университетіміздің студенттерінің адамгершілік-рухани мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Осы мақсатта, университет тарапынан студенттердің демалысын мәдени деңгейде ұйымдастыру үшін қаржы бөлініп, облыстық драма театрына билеттер сатып алынды.

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні студенттер қазақ тіліндегі «Көлеңке» спектакльінің премьерасын тамашалап қайтты. Бір отбасындағы келеңсіздік арқылы қоғамның қасіреті көрсетілген спектакль, студенттерді қазіргі заман мәселелері туралы ойлануға мәжбүр етті.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.