Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Марапатталғандардың қатарында тек жастар қозғалысын дамытуға ғана емес, маңызды әлеуметтік бастамаларды іске асыруға да үлес қосып жүрген Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың белсенді студенттері бар.
«Жыл бастамасы» номинациясында Халықаралық инженерия мектебінің «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының студенті Леонид Измайлов жеңімпаз атанды. Леонид – тек белсенді студент қана емес, ол ғылыми зерттеулермен айналысып, өз өнертабыстарын жасауда. Сонымен қатар, биыл ол Jastar Energy атты ерекше жастар қозғалысын құрды. Бұл – Қазақстанда алғаш рет физик студенттерді біріктірген қауымдастық. Қозғалыс мүшелері халық арасында «бейбіт атом» туралы білімді насихаттап, атом саласындағы жалған ақпаратпен күресуде. Аталған бастама атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған және тұрақты даму мәселелеріне назар аударуды көздейді. Бұл бастама игі істер мен білім беру үдерісін ұштастырған ерекше жоба.
Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен Жер туралы ғылымдар мектебінің «Жер кадастры және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының студенті Ләйлә Төлебекова марапатталды. Ләйлә – ШҚТУ-дың белсенді студенттерінің жарқын үлгісі. Ол – Қазақстан студенттер альянсының ШҚО бойынша төрайымы, ESBOL QORY республикалық жобасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша штабының басшысы және ШҚТУ жанындағы El Umity волонтерлік ұйымының жетекшісі. 2023 жылы Ләйлә «ШҚТУ-дың 100 үздік студенті» қатарына еніп, университет пен өңірдің дамуына қосқан үлесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Біздің студенттердің бұл жеңістері ШҚТУ оқушыларының тек белсенді өмірлік ұстанымдарын ғана емес, олардың жоғары деңгейдегі дайындығын, инновацияларды енгізуге және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге деген ұмтылысын көрсетеді. Университет өз студенттері мен олардың жетістіктерімен мақтана отырып, жастар саясаты мен қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.