2024 жылдың 10 желтоқсанында QS Quacquarelli Symonds, жоғары білім беру саласындағы жаһандық талдау агенттігі 2025 жылғы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымын - QS Sustainability Rankings 2025 шығарды.
2025 жылғы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне – QS Sustainability Rankings 2025 107 ел мен аумақтан 1743 ЖОО кірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 349 ЖОО-ға артық.
QS Sustainability rankings рейтингінің үшінші басылымында 17 қазақстандық ЖОО ұсынылған, бұл, әрине, еліміздің жоғары білімі үшін ерекше жетістік болып табылады. Өткен жылы аталған рейтингте қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 12-ге жетті.
Аталмыш рейтингке қатысушылар санының едәуір артуына және бәсекелестіктің күшеюіне қарамастан, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ айтарлықтай позицияларды ұстауды жалғастыруда.
Мәселен, 2025 жылғы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы үздік университеттердің әлемдік рейтингінде - QS Sustainability Rankings 2025 ШҚТУ 1351-1400 позициясын иеленді, ал қазақстандық жоғары оқу орындары арасында үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына енді.
ЖОО-ның неғұрлым жоғары есептік көрсеткіштері "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орнықты даму" (#331) және "басқару моделі" (#435) сияқты индикаторлар бойынша тіркелді, бұл университеттің орнықты даму мақсаттарына, этикалық стандарттарды сақтауға бейілділігін, шешім қабылдау қағидаттарының экологиялық тазалығы мен ашықтығын және т. б. растайды. "әлеуметтік әсер" индикаторы бойынша, оның ішінде "теңдік", "білім алмасу", "білім беру әсері"көрсеткіштері бойынша.
Біздің университетті тұрақты даму саласындағы жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және осы бағытта одан әрі дамуын тілейміз!!!
https://www.topuniversities.com/sustainability-rankings?region=Asia&countries=kz