«Рухани керуен» жобасы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен студенттерімен кездесу өтті.

Жобаның мақсаты – елімізде және қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге жастардың назарын аудару, заманауи өзгерістерге қатысуға шақыру, мақсатты және адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

Спикерлер ретінде облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Рауан Сайранбекұлы, облыс прокурорының аға көмекшісі Губашева Сәуле Ғалымжанқызы, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а., полиция полковнигі Ринат Ермекұлы Ықласов, бокстан және кикбоксингтен Қазақстанның спорт шебері Александр Сергеевич Милейко, ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдос Әділбекұлы Әділбеков, салауатты өмір салты бойынша үйлестіруші Әйгерім Арманқызы Батырханова, «Шығыс» профилактикалық медицина орталығы» медициналық мекемесінің акушер-гинекологы Қадыкенова Ақерке Мұратқызы сөз сөйледі.

Әр спикер өз саласы бойынша жастар үшін пайдалы ақпараттармен бөлісіп, бейнероликтер мен көрнекілік құралдарды пайдаланды. Кездесу барысында студенттермен кері байланыс орнатылып, қызығушылық танытылған сұрақтарға мамандар толықтай жауаптар берді.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетін дамытуға, отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті, халық арасында толерантты сана мен рухани мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ, лудомания және нашақорлықпен күреске халықтың назарын аударуға үлес қосу», - деп атап өтті «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ кеңесшісі Эльмира Нұрсейітова.

  Все фото