«Корпоративтік басқару білім беру саласында: тәжірибе мен перспективалар» атты ұлттық форум Ұлттық корпоративтік басқару кеңесінің бастамасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» мен Қазақстан тәуелсіз директорлар ассоциациясының «Qazaq Independent Directors» қолдауымен корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіруге бағытталған форум өткізілді.
Бұл маңызды шарада Қазақстан мен шетелдің жетекші спикерлері корпоративтік басқарудағы өзекті трендтер мен жаңа сын-қатерлерді талқылады. Форумға ірі қаржы институттары мен ұлттық холдингтердің басшылары, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, тәуелсіз директорлар, бизнес иелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.
Форумға сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ директорлар кеңесінің төрайымы Джамиля Нүсіпжанқызы Нұрманбетова, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Арслан Зияшевич Әбілов және корпорациялық хатшы Динара Айдарбековна Саденова да қатысты.
Форумның басты тақырыбы: «Корпоративтік басқару - Қазақстан Республикасының экономикасын либерализациялау императиві» болды. Форум бағдарламасы екі пленарлық отырыстан тұрды: «Қазақстан Республикасындағы корпоративтік басқару үшін өзекті шақырулар» және «Корпоративтік басқару - ұзақ мерзімді табыстың формуласы» тақырыптары бойынша. Сондай-ақ, қатысушылар «Корпоративтік басқару білім беру саласында: тәжірибе мен перспективалар» тақырыбында төртінші панельдік талқылауға қатысты, талқылау модераторы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов болды. Форум барысында халықаралық сарапшылардың интерактивті мастер-класстары да ұйымдастырылды.
Бұл форум барлық мүдделі тараптар үшін корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерін талқылауға және ең жақсы тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік туғызуды мақсат етті.