«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» деген Абай сөзін желеу ете отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын.
Жастардың санасына сынадай қаққан тәлім, өнеге, білім мен тәрбие өлшеусіз. Өрелі жұмыстарыңызда барлық бастамаларыңызға толымды табыс тілеймін. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей, Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын да – біз, Ұстаздар қауымы екенімізді естен шығармаған абзал. Сондықтан, еңбектеріңізге жеміс, жанұяларңызға береке-бірлік, қажымас қайрат және шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене берулеріңізді тілеймін!
Басқарма Төрағасы-ректор
Сәуле Рахметуллина