16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздік алғанына 33 жыл толады.

Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін.

Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ізгі ниетпен,
Басқарма Төрағасы-ректор 
Сәуле Рахметтулина