Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Өскемендегі филиалы жұмыс істей бастайды.
Бұл филиал өңір мен ел ғалымдарын біріктіретін маңызды алаңға айналып, ғылыми және аналитикалық зерттеулер жүргізу, түрлі өнеркәсіп салаларында озық технологияларды енгізу үшін қызмет етеді. Сондай-ақ, филиал ШҚТУ-нің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтып, ғалымдар мен өңірдегі өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді.
- Бұл филиалдың Шығыс Қазақстан облысында ашылуы - өңірдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға жасалған елеулі қадам. Бұл ғалымдарға ұлттық деңгейде ынтымақтастық жасауға жақсы мүмкіндік. Меніңше, бұл ғылымдағы жаңа жаңалықтар мен жетістіктерге серпін беретініне сенімдімін, - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қуришбаев.
Ұлттық ғылым академиясының филиалы алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулердің орталығына айналып, ғылым, технологиялар мен инновациялардың басым бағыттарын дамытуға, сондай-ақ ғалымдар, білім беру мекемелері мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Филиал ғылымды өндіріс пен интеграциялауды жеңілдетеді, бұл заманауи технологиялар мен шешімдерді экономиканың түрлі салаларына енгізуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Өскемендегі Академия филиалы Шығыс Қазақстан облысындағы ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жүргізу және әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.