Қазан айының 16-сы күні Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ң Бизнес мектебі «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» клубының 23-ЭЛК-1, 23-ТФК-1, 23-МТК-1 топтарының студенттері Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының «Сол жағалау кешеніндегі» Этноауылға саяхат жасады. Кешенге саяхат барысында студенттер қазақ жерінде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің әр замандағы тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы және салт-дәстүрлері туралы ақпарат алды. ХVI-XX ғасырларға тән салынған баспаналарына саяхат жасап, қазақ және басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі баспаналарымен танысты. Атап айтатын болсақ, Абайға арналған кешенмен, қазақ, корей, азербайжан, еврей, орыс, украин және тағы басқа кешендерді (баспана-мұражай) аралады. Ұйымдастырылған шара мемлекеттік құндылықтарымызды дәріптеп, толерантты ұрпақ тәрбиелеуге ықпалын тигізіп, студенттердің жоғары қызығушылығына ие болды.