Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрайымы-ректор Рахметуллина Сауленің басқаруымен өткен бұл отырыста жаз айлары мен оқу жылының алғашқы айының қорытындылары шығарылды.
Қыркүйек айында ШҚТУ екі ірі халықаралық конференцияның өткізілу орны болды: «Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices» және мерейтойлық 30-шы «ИнтерКарто. ИнтерГИС 30: Геоинформациялық қолдау тұрақты аймақтық дамуды қамтамасыз ету жағдайында» конференциясы. Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен университетте маңызды оқиға - металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласында Қазақ-Неміс ғылым және технология институтының ашылуы болды, бұл Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру жобалары үшін маңызды алаңға айналады.
Отырыс барысында ШҚТУ өкілдерінің түрлі елдерге жұмыс сапарларынан жасаған есептері тыңдалды. Сингапурда өткен Халықаралық білім беру фестивалінде (International Learning Festival) және CDIO 2024 жылғы Халықаралық жұмыс кездесуінде (CDIO International Working Meeting 2024) жаңа білім беру әдістері талқыланып, ШҚТУ жағдайында шетелдік тәжірибені бейімдеу бағыттары анықталды. Сондай-ақ, Қытайдағы Huawei компаниясының кампусына барған сапар да өнімді болып, университет делегациясы байланыс және жасанды интеллект саласындағы озық технологиялармен танысты.
Спикерлер ШҚТУ-дің білім беру және ғылыми ортасын одан әрі дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, осы кездесулерден алынған көптеген идеялар мен тәжірибелерді университетте оқыту мен ғылыми зерттеулер сапасын арттыруға сәтті қолдануға болатынын айтты.
Шетелдік кейстердің бір бөлігі ШҚТУ әкімшілігі мен Мектеп декандары тарапынан қазірдің өзінде қолданысқа енгізілуде.