Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде кезектен тыс Ғылыми кеңес өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес келесідей негізгі мәселелер талқылауға шығарылып, оның ішінде бірінші сұрақ - ғылыми атақтар тағайындау үшін кандидатураларды қарастыру ұсынылды. Осыған орай, келесі ұсыныстар қабылданды Рахметуллина Ж.Т. «Доцент» ғылыми атағына, Блинаева Е.В. «Доцент» ғылыми атағына, Байдилдина А.Т. (PhD) «Доцент» ғылыми атағына сондай-ақ Нурекенова Э.С. «Профессор» ғылыми атағына ұсынылды.

Сонымен қатар, магистратура білім беру бағдарламасы бойынша академиялық комиссияның төрағасын қайта тағайындау және «Үздік ғылыми қызметкер» байқауына кандидатуралар ұсынылды.

Кеңес отырысында докторанттардың диссертация тақырыптарын бекіту және ғылыми кеңесшілерді тағайындау мәселелері қаралды. Диссертация тақырыптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және ғылыми кеңесшілер тағайындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы келесі мәселелер ашық дауысқа салынып, бірауыздан қабылданды: «Жоғары өнімділігі бар себу кешенінде жұмыс істеуге арналған әмбебап себу секциясының құрылымын әзірлеу» тақырыбындағы монографияны жариялауға ұсыну мәселесі талқыланды.

Жиында 8D094 - Ақпараттық технологиялар бағытындағы докторлық диссертацияларды қорғау үшін диссертациялық кеңес құрамын бекіту мәселесі қаралды. Бұл шешім ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау үшін зор маңызға ие.