Шығыс Қазақстан техникалық университетінде балалар мен жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі жайында бүгінгі таңда маңызды тақырып ретінде сөз қозғалды. Бұл мәселе қоғамдағы жас ұрпақтың психологиялық және физикалық денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды аспект болып табылады. Жыныстық тәрбие, әсіресе, жасөспірімдер кезеңінде, дұрыс білім беру мен ақпараттандыру арқылы олардың болашақта дұрыс шешімдер қабылдауына ықпал етеді. Бұл мәселеде балалар мен жасөспірімдерге денсаулық, қауіпсіздік, құқықтар, сондай-ақ жеке және жұптық қарым-қатынастар туралы білім беру қажеттілігі туралы айтылды.

Ұйымдастырылған шарада білім беру мекемелерінің дәрігері Ақбота Төлебаева жасөспірімдердің психоэмоционалды дамуын қолдау, жыныстық қатынасқа қатысты ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу және жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбие мәселелерін тиімді шешу жолдары бойынша өз тұжырымдамасымен бөлісті. Бұл шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беру, оларды қауіптерден қорғау және өздеріне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ең әуелі қыздармен жеке жиын өтті. Артынан ер балалар арасында да жыныстық тәрбие хақында хабардар етілді. Мұндай бастамалар қоғамның жас ұрпағына дұрыс білім беру арқылы олардың денсаулығын қорғау мен әлеуметтік-мәдени дамуында маңызды рөл атқарады.