Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру» «ТжКБ және ЖОБҰ-ның оқытудағы негізгі серіктесімен өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға ШҚО білім басқармасының, Өскемен, Семей, Алтай және Шығыс Қазақстан колледждерінің өкілдері, сонымен қатар ШҚТУ мектеп декандары, профессорлары мен оқытушылары қатысты.
ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле- «Инженерлік кадрларды дайындау барлық деңгейдегі ең маңызды сала болып табмақ. Қазір таңда мемлекетіміз осы мәселемен айналысуда, өйткені ел экономикасын техникалық кадрларсыз дамыту мүмкін емес» -деп атап өтті.
– Қазір біз инженерлік кадрларды дайындауда белгілі бір проблемаларды байқап отырмыз сондай-ақ, кадрларды іріктеудің әлсіздігі, мамандыққа қызығушылықтың төмендеуі, ББ енгізуде біршама қиындықтар бар. Бүгін біз сіздердің көмектеріңізбен осы мәселелерді шешудің тетіктерін анықтаймыз, осы мақсатта біз білім беру бағдарламаларымызды жетілдіру үшін де, атаған ұсыныстарды жоғары мемлекеттік деңгейге жіберу үшін де пайдалана аламыз.
Дөңгелек үстел басында аталған инженерлік кадрларды даярлаудағы өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. ШҚТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру жобасының мақсаты мен міндеттері,бағыттары таныстырып, оның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.
ШҚТУ оқу ісі жөніндегі проректоры Асия Машекенова әлемдік тәжірибеде инженерлік кадрларды үздіксіз даярлау үлгілерін зерделеу тәжірибесімен бөлісіп, оларды жүзеге асыру жұмыстарын талдауды айтты. Политехникалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Адема Дайырбекова ШҚТУ мен политехникалық колледждер арасындағы ынтымақтастық тетіктері, сондай-ақ бірлескен жұмыс перспективалары туралы айтты.
Дөңгелек үстел басында білім басқармасы мен колледж өкілдері де мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы белсене катыса отырып өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Жиынды қорта келе, нәтижелері еңбек нарығының заманауи талаптарына және тұрақты даму міндеттеріне жауап беретін инженерлік білім берудің тұрақты ұлттық моделін құру үшін білім беру мекемелерінің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын арттыру керек екендігіне тоқталды.