Бүгін Басқарма төрағасы - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының қатысуымен ректорат отырысы өтті.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
- 2023-2024 оқу жылына контингент қабылдау қорытындысы туралы;
- Университеттің 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру қызметі жөніндегі, оның ішінде шетелдік білім алушылар жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша іс-шараларды іске асыру жоспары.
Ректорат барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.