Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаев Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға келді. Өңір басшысы «Лу Бань шеберханасының» ашылуына дайындық барысымен танысып қайтты. Ондағы атқарылған жұмыстар мен нысанды қарап шықты.

Естеріңізге сала кетсек, «Лу Бань шеберханасы» бұл оқыту платформасын, зертханалар кешенін құруды көздейтін ҚХР-мен бірлескен ортақ жоба. Шеберхана автокөлік саласындағы құзыреттіліктің тағы бір орталығына айналады.

Облыс әкімі құрылыстың жылдамдығы мен сапасына қанағаттанғандығын білдіріп, аталған жобаның өңірді дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Атап айтсақ, білім ордасында 24 қазан күні "Лу Бань шеберханасы" ашылады.