Біздің университеттің «Геология және кен ісі» кафедрасының профессорына қатысты осы шешім І5 қаңтарда қабылданды. Ал таяуда Алматыда салтанатты жағдайда диплом тапсырылды.
Валентин Хасанұлы университетте 1994 жылдан бері істейді. 1999 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Д.Күленов атындағы Кен ісі институтында техникалық ғылымдар жөнінде докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми қызметінің бағыттары: көп сортты кендердің күрделі құрылымды полиметалл кен орындарының параметрлерін талдау және жүйелерін оңтайландыру.Кен өндірімдерін жүргізу және бекіту пәндерінен сабақ береді.
2002 жылы оған профессор атағы берілді.
2005 жылы ҚР табиғи ғылымдар академиясының нақты мүшесі болып сайланды.Енді ол ҚР минералдық ресурстар академиясының мүшесі.
Шын жүректен құттықтаймыз!