Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы және Камасова Зарина Айдарханқызы келді.
Құрметті қонақтарды басқарма төрағасы-ректор, профессор, биология ғылымдарының докторы Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы қарсы алып, ШҚТУ-дың бас ғимаратына экскурсия жүргізді. Мәжіліс депутаттары «Материалдарды өңдеу және прототиптеу» ғылыми-өндірістік кешені, құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы құзіреттілік орталығы, табиғи және техногендік процестерді қашықтықтан бақылау өңірлік орталығы, кітапхана, педагогикалық шеберлік орталығы жұмысымен танысты.
Экскурсиядан кейін қонақтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттарының депутаттарымен және ШҚТУ профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысында сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы мәлімдеме берді.
ШҚТУ үшін мұндай оқиғаның маңызы зор, себебі басқарма төрағасы-ректор Шаймарданов Ж.Қ. облыстық мәслихаттың депутаты болып табылады. Ол «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде қазір партия мүшелерінің алдында халықтың пікірін тыңдап, сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау маңызды міндет екенін атап өтті.
Шаймарданов Ж.Қ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяудағы сөйлеген сөздерінде жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілегенін атап өтті. Сондай-ақ ректор нұротандықтардың мемлекет басшысының саясатын қолдайтынын және бүгінгі шараның әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне, қоғамдық пікірдің ұсыныстары мен ескертулерін талдауға арналғанын атап өтті.