Күні кеше, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы мен Монаш Университеті проректорлары өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 5 жылға көзделген меморандумға қол қойды.
Екі тарап ынтымақтастықты жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған әрекеттерді орындайды. Ол:
- (а) студенттер мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы;
- (б) ғылыми жобалардағы бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер;
- (c) Профессорлық оқытушы құрам ұтқырлығы;
- (d) студенттердің өндірістік бағдарламасы, оның ішінде зерттеу қызметкерлерімен алмасу;
- (e) студенттерді, магистранттарды және докторанттарды бірлесіп басқару;
- (f) қос диплом бағдарламасын әзірлеу;
- (g) кеңес беру;
- (h) серіктес университетті жаһандық деңгейге жылжыту;
- (i) ынтымақтастықтың тараптар өзара келісуі тиіс кез келген басқа салалары.