Өткен аптада Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Директорлар кеңесінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова және кеңес мүшелері Әділ Құсманов пен Арслан Әбілов келді. Визит мақсаты – университеттің қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, биылғы жетістіктерімен және алдағы жылға арналған перспективаларымен танысу болды.

Сапар ШҚТУ басқарма төрағасы-ректор Сауле Рахметуллинамен кездесуден басталды. Қонақтарға университеттің даму бағыттары туралы ақпарат беріліп, болашақта сапалы прогреске қол жеткізу үшін стратегиялық мәселелер талқыланды.

Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне университеттің барлық маңызды нысандарына кешенді экскурсия ұйымдастырылды. Олар Құзырет орталықтарын, зертханаларды, оқу аудиторияларын, «Алтын Алтай» мұражайын, жатақхананы, асханаларды, Ақпараттық саясат және медиакоммуникациялар орталығын, Медициналық және Спорт орталықтарын, сондай-ақ «Design Room 7D» оқу-өндірістік орталығын аралап көрді.

Визит аясында Басқарма мүшелері – проректорлар және бас бухгалтермен, сондай-ақ мектеп декандары және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, ішкі аудит қызметінің қызметкерлері және комплаенс-офицермен жұмыс кездесулері өтті. Бұл кездесулер университеттің ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды.

АО «ҮМЗ» («Үлбі ТВС») кәсіпорнымен өзара әрекеттесу мысалында қонақтар ШҚТУ-дың тәжірибе базалары мен түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесімен танысты. Ал «Лу Бань Шеберханасы» халықаралық серіктестік аясында заманауи технологиялар саласындағы табысты ынтымақтастық нәтижелерін көрсетті.

Сапардың маңызды бөлігі ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу болды. Бұл кездесуде ШҚТУ-дың дәстүрлері мен жетістіктері, университеттің аймақтың дамуына қосқан үлесі және аға буынға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Сапар барысында Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері университеттің барлық негізгі нысандарын аралап, мамандарды даярлау ерекшеліктеріне, түлектерді жұмысқа орналастыруға және аймақтың серіктес кәсіпорындарымен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударды.

Сапар аясында ШҚТУ-да Директорлар кеңесінің кезекті күндізгі отырысы өтті, онда Қоғамның стратегиялық мәселелері қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ды одан әрі дамытуға әсер ететін бірқатар бағыттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Визит университеттің стратегиялық дамуын, оның ғылыми әлеуетін және тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азия еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандар даярлау перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Сапардың қорытындысы бойынша ШҚТУ-дың білім беру және ғылыми қызметін дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.