5-6 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Ғылым және өнеркәсіп: сын-тегеуріндер, шешімдер мен стратегиялар" атты екінші халықаралық EKTU RnD FORUM 2024 өтеді.

Конференция бірлескен (офлайн және онлайн) режимде пленарлық отырыс форматында және төрт форсайт-секцияда өтеді:

  • "Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін машина жасау саласының кластерлерін дамыту";
  • "Машина жасау үшін автоматтандыру және роботтандыру технологиялары";
  • "Тау-кен металлургия кешені үшін жасанды интеллект және автоматтандыру";
  • "Тау-кен металлургия кешені үшін тұрақты дамуы: ресурстарды тиімді пайдаланудың жаңа технологиялары".

Конференцияға ШҚО әкімі, Ғылым және жоғары білім министрі, Корея, Қытай және Қазақстанның білім және ғылым сарапшылары, индустрия және бизнес өкілдері, халықаралық ұйымдар, салалық Қауымдастықтар қатысады.

Іс-шара бағдарламасымен www.ektu.kz сайтында танысуға болады.

EKTU RnD FORUM 2024