2024 жылғы 25 шілдеде "Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ" түлектері Өскемен қаласының орталығында Арбатта "Жастарға жұмыс" жобасы аясында өткен Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңкені ұйымдастырушы - "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.

Іс-шараның мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту. Жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, түйіндеме қалдырып, алдын ала әңгімелесуден өте алды.