Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да облыс әкімі Даниал Ахметовтың басшылығымен кезекті бақылау кеңесінің (БК) отырысы өтті.
БК төрағасы университеттің ғылыми-зерттеу кешендерін аралады: «Металлургия және материалтану» ғылыми-өндіру кешені, «Мехатроника, аспаптар жасау және энергетика» ғылыми-білім беру кешені, тәжірибелік-өндіріс аймақтары.
ШҚМТУ ректоры Жасулан Шаймарданов унивреситеттің ары қарай даму мен бәсекегеқабілеттілікті арттыру бойынша концептуалды жоспарларын ұсынды.
Аймақ басшысы университет үшін басты басымдылық түлектердің жұмысқа орналасуы болып қала беретіндігін айтты. Университет білікті кадрлар мен аймақтың ірі кәсіпорындарымен байланысуға үлкен мүмкіндіктерге ие.
ШҚМТУ баспасөз қызметі