Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен басқарманың жылдық іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 27 ақпан күні "Қазақ тілі-достықтың алтын көпірі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен ұстаздары қатысты.

Мақсаты- тіл мәдениеті қағидаттарына негізделген мемлекеттік тілді қолданудың сапалық деңгейін арттыру, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.

Іс - шарада мемлекеттік тілді оқыту бойынша заманауи әдіс - тәсілдер көрсетіліп, шеберлік сыныбы өткізілді. Студенттер пікірталасқа қатысты.

Іс- шараға ШҚО мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Г.А.Казимова, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова, орталықтың директор орынбасары-әдіскер Ырысты Райханқызы, оқытушы Серікбекқызы Балжан қатысты.

Университет студентері шараға белсене қатысып, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп өтті. Ерекше көзге түскен білім алушыларға алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері мен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді қатысқандары үшін Тілдер құзыреттілігі орталығының оқытушыларына да Алғыс хаттар табысталды.

Ең бастысы, қазақ тіліміздің мәртебесін биіктету жолында жасап жатқан еңбегіміз жемісті болса дейміз. Сөз соңында, әркез қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде жазуға, ана тілімізге айрықша жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Тіл тұғыры қашан да биік болсын!

  Барлық фото