Бүгін 01.02.23 жылы «Қазақ, орыс тілдері» кафедрасына қарасты «Абай», «Пушкин» клубтарының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасын насихаттау, рухани тазалығы жайлы ойларын келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты дөңгелек үстелі өтті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, артында өлмес мол әдеби, тарихи және философиялық мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы сөз қозғалды.

Осы шараға «Абай» клубының белсенді мүшелері Әділ Ақбота, Қонақбаев Нурболат, Толеуғазинов Жақсылық, Мұратұлы Ерзат, Совет Иман және «Пушкин» клубының мүшесі Вилен Жарас Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны, өмір жолы, шығармашылығы, аудармашылығы, қоғамдық-саяси қызметіне байланысты баяндамалар жасады.

Өткізілген шараның жұмысын қорытындылай келе, Шәкәрім Құдайбердіұлының артында қалған мұралары айрықша мән-маңызға ие екені, ақынның еңбектері, шығармалары ешқашан тарихи маңызын жоймайтындығы тағы да бір түйінделіп өтті.

Қатысқан студенттер, қонақтар қызығушылық танытып, өз ризашылықтарын білдірді.