2017 жылдың 18 ақпан күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне Өскемен қаласының мектеп түлектері келді.
Мұғалімдер, мектеп бітірушілер және олардың ата-аналарымен кездесуді ОӘЖ жөніндегі проректордың м.а Н.Н. Линок алғы сөзбен бастады.
Факультет мамандықтарының презентациясын: факультет декандары мен кафедра меңгерушілері жасады және Жоғары техникалық колледжінің мамандықтары туралы ЖТК директоры Е.Сағынғанов айтып берді.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А. Адылхан университетке түсу және мемлекеттік білім гранттарын тағайындау сайысына қатысу ережелері туралы ақпарат берді.
«Экономика» мамандығының 4 курс студенті Дуйсенова Айгерим Азатқызы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу барысында жеткен жетістіктері туралы айтып берді.
Мектеп бітірушілермен кездесу университеттің зертханалары мен ғылыми орталықтарына экскурсиямен аяқталды. Түлектер «Робототехника, мехатроника және электроника», «Машинажасау», «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы», тағы басқа зертханаларға барды.