22 ақпан күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен ғылыми және өндірістік кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру өндіріс бойынша жиын өтті.
Жиын жұмысына университеттің ғалымдары мен аймақтың ірі «УМЗ» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС және «Өскемен ТМК» АҚ сияқты өндіріс орындарының басшылары қатысты .
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасулан Шаймардановқа алғашқы сөз берілді.
Облыстың ірі кәсіпорындарымен бірлесіп жасаған және солардың қажеттілігінен туындаған бағдарламалар мен ғылыми өнімдер ұсынылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов өз сөзінде осы жасалып отырған жобалар нақты өндіріске максималды жақын екенін атап өтті.
- Кез-келген ғылыми жұмыстың қорытындысы толық коммерциализация болуы керек. Соңында бағдарламалардың барлығы мемлекет басшысының халыққа жолдауын жүзеге асыруға тиімді жұмыс жасауы керек, - деді министр Ж. Қасымбек.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі