Қазақстан тарихы және құқық. СОКП тарихы және саяси экономия кафедрасы құрылыс-жол институты құрылған жылы ашылды. 1963 жылы келесі екі кафедра құрылды: СОКП тарихы (меңгерушісі – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Савостенко В.М.) және ғылыми коммунизм кафедрасы (меңгерушісі – Самойлов Я.И.). Олардың басшылық құрған жылдары саяси экономия және Совет Одағы Коммунистік Партиясы тарихы (СОКП) кафедрасы жанынан біріккен оқу-әдістемелік кабинеті құрылды.
Кафедраға әртүрлі жылдары тарих ғылымдарының кандидаты, доценттері Т.Ф. Кобылкин, А.Ф. Барков, Ю.Н. Маркашов жетекшілік етті. КСРО ның ыдырауы және Қазақстан Республикасының құрылуымен «Тарих және саяси экономия» кафедрасын құруда оптимизациялау жүйесін енгізу барысында кафедралар біріктіріліп, «Экономикалық теория және Қазақстан тарихы» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі доцент Н.Н. Линок тағайындалды. 2001 жылдан бастап гуманитарлық білім беру Орталығының құрылуымен Н.Н. Линок оның директоры болып тағайындалды. Кафедра меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.М. Мамырханова жалғастырды.
Кафедраның кейінгі жұмысы оқу үрдісін жетілдірудің жаңа формаларын іздестіруге бағытталды: әдістемелік материалдарды, Қазақстан тарихы және экономикалық теория пәндері бойынша дәрістерді электрондық нұсқаларда жасау. 18.01.2006 жылдың № 13 бұйрығына сәйкес «Экономикалық теория және Қазақстан тарихы» кафедрасы «Қазақстан тарихы және құқық» болып А.М. Мамырханованың басқаруымен қайта құрылды. 2007 жылдан бастап Ғ.М. Қарасаев; 2013 жылдан Г.И. Панковская кафедраға жетекшілік етті. №174 бұйрыққа сәйкес 03.07.2015 жылдан бастап «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасы жер туралы факультетінің құрамына енгізілді. «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгеруші қызметіне Р.Қ. Айдарбаева бекітілді.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы. 1958 жылдың қазан айында Өскемен құрылыс-жол институтының құрылуымен алғашқы ашылған бес кафераның бірін, «Марксизм-ленинзм» кафедрасын Қабдош Дамитович Дамитов басқарады. 10 жыл өткен соң, 1973 жылы оқытылатын пәндердің ерекшелігі ескеріле келе, кафедра «Философия және ғылыми коммунизм» кафедрасы (Кафедраға И.В. Карбанев, Н.Д. Плахотын, Е.И. Григорьев жетекшілік етеді) және «Саяси экономия» кафедрасы (И.Е. Васильев басқарады) болып қайтадан құрылады. 1990 жылы «Философия және ғылыми коммунизм» кафедрасының атауы «Философия және әлеуметтік-саяси ілімдер» болып қайта өзгертіледі. (Кафедра меңгерушісі – философия ғылымдарының докторы, профессор Е.И.Григорьев). 2005 жылдан бастап Н.Л. Краснобаева басқарады.
19.09.2016 жылдың №415 бұйрығына сәйкес «Қазақстан тарихы және құқық» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» қайтадан «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгеушісі болып Р.Қ. Айдарбаева бекітілді.
13.03.2018 ж. №108-ПТҚ бұйрығымен, «Қазақстан тарихы және ҚХА» кафедрасы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы болып қайта құрылды.
Осы уақытта кафедра қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытады, оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді, әр түрлі бағытта әдістемелік семинарлар өткізеді, имидждік және тәрбиелік жұмыстармен айналысады.