Қайта даярлау және жаңа білім беру технологиялары институты «Білім берудегі менеджмент» бөлігінде университет оқытушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Коммуникативтік харизма» (Педогогикалық қызметтегі актёрлік психотехника) мастер-классын ұйымдастырды.
Мастер-классты 15 ақпан мен 15 наурыз аралықтарында режиссура, актерлік шеберлік, сахналық сөйлеу мәдениеті бойынша жаттықтырушы Красовских Галина Николаевна жүргізді.
Бағдарламада: байланыстарды орнату, ықпал ету және келісімге келу өнері, вербалды және вербалды емес коммуникациялар сияқты сұрақтар қарастырылды.
Оқыту барысында кәсіби қызметте пайдалануға болатын білім берудің белсенді әдістері қолданылды.