ШҚТУ-да өткізіліп жатқан Ғылым апталығы аясында сіздерге университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында атқымыз келіп отыр.
Бизнес және кәсіпкерлік Мектебінің экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Галина Пестунова әріптестерімен пандемия кезінде Қазақстанның еңбек нарығы қалай өзгергенін зерттеді. Мамандар цифрлық экономика және цифрлық кәсіпкерлік ұғымдарына ғылыми негіздеме беріп, еңбек нарығындағы өзгерістерге әсер еткен жағдайлар мен факторларды анықтады.
Ғалымдар цифрлық бизнестегі жұмыспен қамтуға талдау жүргізіп, оның тәуекелдерін анықтап, одан әрі даму бағыттарын ұсынды. Сондай-ақ, цифрлық кәсіпкерлікті қолдайтын пандемиялық кезеңде жұмыспен қамтуды реттеу бойынша ұсыныстарды айтты.
Авторлар өз бизнестерін онлайн режимінде жүргізетін компаниялар дәстүрлі бизнес компанияларына қарағанда үлкен артықшылыққа ие деген қорытындыға келді. Артықшылығы - цифрландыру сыртқы ортадағы өзгерістерге тез жауап беруге және әртүрлі табыс көздеріне ие болуға мүмкіндік береді.
Сауалнама нәтижелері бойынша, пандемия кезеңінде кәсіпорындардың үштен бір бөлігі ғана өз қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс режиміне көшірмеді, ал қалғандары қаражат іздеп мұндай әрекетке баруға мәжбүр болды. Жұмыс берушілердің 5,6%-ы алдағы уақытта онлайн жұмыс элементтерін пайдалануды жоспарлап отыр. Мамандар бизнесті жүргізу және оны цифрлық форматқа көшіру пандемия аяқталғаннан кейін табыс шығынын азайтуға, жұмыспен қамтуды қысқартуға жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жүргізілген зерттеулер COVID-19 пандемиясының макроэкономикалық күйзелісін ескере отырып, еңбек нарығын одан әрі ғылыми зерттеу үшін негіз бола алады.