Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Қазақстан, Сингапур, Малайзия, Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Ресейден келген инженерлік білім беру саласындағы жетекші мамандар жиналған «Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices (EE: CTBP)» халықаралық конференциясы басталды. Бұл ауқымды шара Бұл ауқымды іс-шара инженерлік кадрларды даярлаудағы өзекті тенденциялар мен міндеттерді талқылауға, сондай-ақ білім беру технологиялары саласындағы озық тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаңға айналды.
Конференция қазіргі инженерлік білім беру саласындағы маңызды мәселелерге арналған. Қатысушылар білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу, оқу бағдарламаларының практикалық бағыттылығын арттыру, сондай-ақ инженерлік мамандықтарды стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу мәселелерін талқылауда. Әсіресе қатысушылар арасында тәжірибе және үздік тәжірибелер алмасуға баса назар аударылуда, бұл жаһандық сын-қатерлер жағдайында инженер мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Конференцияны өткізу Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контексінде ұлттық инженерлік білім беру моделін құру» жобасы аясындағы қолдауының арқасында мүмкін болды. Айта кету керек, құрамында ШҚТУ ғалымдары бар жобалық топ инженерлік білім беруді дамыту Тұжырымдамасын әзірлеп қойған, сонымен қатар білім беру жүйесін айтарлықтай жаңғыртуға мүмкіндік беретін инженерлік-техникалық мамандарды даярлаудың жаңа моделін жасауда.
- Бүгінде ең озық инженер мамандарын алдын ала даярлау әр елдің экономикалық өсуінің тұрақтылығы мен теңгерімділігіне тікелей әсер етеді. Алдыңғы қатарлы индустриалды елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық инженерлік білім өндіріспен интеграцияда басым болуы керек, университеттерде ғылыми, практикалық және теориялық дайындық арасында тепе-теңдік болуы тиіс. Мен ШҚТУ-дің ғылымдағы мықты университет ретінде елдің ұлттық инженерлік білім беруінің дамуына ықпал ететініне және білікті инженерлерді, магистрлерді, докторанттарды даярлауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Конференцияның барлық қатысушыларына табысты жұмыс тілеймін, - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.
Конференция бағдарламасында заманауи зертханалық, аналитикалық және оқу жабдықтарының көрмесі ерекше орын алды, ол қатысушыларға инженерия және ғылым саласындағы озық технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.
Конференцияның екінші бөлігі қазан айының ортасында Малайзиядағы MARA Технологиялық университетінде өтеді. Екі алаңда талқыланған нәтижелер инженерлік білім беру жүйесін одан әрі дамытуға жаңа идеялар мен шешімдер әкеледі.