Қарағанды облысы әкімдігі және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп «ADAL CUP» республикалық дебат турнирін ұйымдастырды.

Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жаңа идеялармен бөлісу, жастардың пікірталас құқықтық сауаттылықтарын арттыру, осы арқылы олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасуына және студенттік жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту болып табылатын іс-шараға Астана, Алматы, Шымкент,Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Қарағанды өңірлерінен командалар қатысты.

Аталған іс-шара Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде өтті. Дебат ойынының жалпы жүлде қоры 1 500 000 мың теңгені құрайды. Ойыншылар Британдық-парламентік форматты өнер көрсетті.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Еркін сөз» командасының ойыншылары Мерлат Мейрамбекұлы мен Кашап Идаятұлы үздіктер қатарынан көрініп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Новость для сайта.