Астанада ConnectEd конференциясы аясында Coursera платформасы өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллект көмегімен қазақстандық білім берудің мүмкіндіктерін кеңейтуге және оқытудың болашағын қалыптастыруға арналған сессия өтті.Сессия жасанды интеллект ұсынатын соңғы білім беру мүмкіндіктерін талқылауға арналды.

Конференцияға қатысушылар жаңа технологиялардың оқыту тәсілдерін қалай өзгертетіні және студенттер мен мұғалімдердің білімдері мен дағдыларын дамытудың бірегей құралдарын ұсынатыны туралы білді.

Іс-шараның ерекше бөлігі - Coursera бағдарламасында жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерді, оқытушыларды және университет өкілдерін марапаттау рәсімі. Қазақстандағы бұл білім беру платформасында барлығы 93 жоғары оқу орнының студенттері білім алуда.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Coursera-да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Қазақстанның 7 үздік университеттерінің қатарына енді.

Бұл жетістік университеттің цифрлық білім беру саласындағы жетекшілігін, оқу процесіне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу ниетін, ШҚТУ-дың білім беру бағдарламаларының жоғары тиімділігін және заманауи шақыруларға жедел бейімделу қабілетін растайды.