2024 жылғы 23 қазанда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жаңа оқу жылында университеттің Академиялық Кеңесінің (УАК) бірінші отырысы өтті. Отырысқа УАК мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және шақырылғандар қатысты.

Күн тәртібінде негізгі мәселелер болды: 2024 жылғы Қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша проблемалар, оларды шешу жолдары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы; 2023-2024 оқу жылында білім алушылардың кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және өткізу қорытындылары және 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттер туралы; Онлайн оқыту лицензиясын алу: жұмыс нәтижелері мен мәселелері; Оқу құралдарын сараптау туралы; ІНҚ-ды өзгерту және бекіту туралы.

Сондай-ақ, Академиялық Кеңес отырысында декандардың жұмыс берушілер мен практик-мамандардың білім беру процесіне қатысуы жөніндегі есептері тыңдалып, проблемалар мен перспективалар айтылды. УАК отырысының қорытындысы бойынша университеттің академиялық қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.