Қазір Қазақстанның барлық білім беру нысандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін күшейте бастады, ШҚТУ да солардың қатарында.
ШҚТУ-ға кіруді бақылау және басқару жүйесі (СКУД) бұрыннан жұмыс істеп келеді, бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені жан-жақты қарастыру маңызды. Университет ғимараттарында және аумағында 218 бейнекамера орнатылған, бұл ШҚТУ-дың барлық объектілерін бақылауға мүмкіндік береді. Университет корпустары мен жатақханаларының аумағы қосымша бейнебақылау жүйесіне қосылған, дыбыстық хабарландыру жүйесі жұмыс істейді. Барлық кіреберістер турникеттермен жабдықталған, күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін дабыл түймелері орнатылған. Корпусқа кіру рұқсаттама немесе биометриялық деректер бойынша ғана жүзеге асырылады, біздің қызметкерлеріміз әзірлеген бетті тану алгоритмі енгізілген.
Университет қызметкерлері адамдардың стандартты емес мінез-құлқын тану жүйесін жасау үстінде. Мұндай жүйелерді енгізу қайғылы жағдайға уақтылы жауап беруге және алдын алуға мүмкіндік береді.
Техникалық жабдықтау ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік қызметінің кәсібилігі, төтенше жағдайларда адамдардың дұрыс мінез-құлқы маңызды рөл атқарады. ШҚТУ қауіпсіздік қызметін халықаралық деңгейде терроризмге қарсы дайындық бойынша оқудан өткен запастағы полковник басқарады.
Қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер тұрақты негізде ШҚО әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясымен, ШҚО бойынша ҚР ҰҚКД терроризмге қарсы орталығымен, ШҚО ПД Арлан ПСН-мен бірлесіп Терроризм актісінің жасалу қаупіне алғашқы әрекет етуді оқып жатыр.
Университет психологы қызметкерлерді, оның ішінде ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандарын «Скулшутинг» және «Скулшутердің психологиялық портреті», «Профайлинг» тақырыптары бойынша оқытады.