Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: Іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Идентификаторлар: Author ID 56826204500, Researcher ID P-1875-2017, ORCID ID 0000-0002-6744-4023.
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
---|---|---|---|
1. | Денисова Наталья Федоровна | Жетекші ғылыми қызметкер | Физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Author ID 56825891300, Researcher ID O-9637-2017, ORCID 0000-0003-0525-730X |
2. | Рахметуллина Сауле Жадыгеровна | Жетекші ғылыми қызметкер | техника ғылымдарының кандидаты, Author ID 56658733600, ORCID 0000-0002-3142-0249 |
3. | Смаилова Сауле Сансызбаевна, | Жетекші ғылыми қызметкер | PhD, қауымдастырылған профессор, Author ID 55645191800, Researcher ID AAO-3775-2020, ORCID 0000-0002-8411-3584 |
4. | Федькин Евгений Михайлович | ғылыми қызметкер | |
5. | Зуев Виталий Николаевич | Инженер | |
6. | Какишева Лаззат Жазылбековна | Инженер | |
7. | Рыльский Дмитрий Анатольевич | Инженер |
Жобаның аңдатпасы
Оқу үдерісіне жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қазіргі уақытта білім беру жүйесінің дамуын айқындайтын басым үрдістер болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы бірыңғай ақпараттық-білім беру желісіне негізделген бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құруды жариялайды. Қоғамды ақпараттандыру үдерістерін қолдау, білім беру, ақпараттық мәдениет саласында сапалы жаңа жағдайларға қол жеткізу – электрондық үкіметке ("Е-Үкіметке") көшудің стратегиялық міндеті ретінде айқындалады.
Пандемия жағдайында, жоғары оқу орындарының оқыту және еңбек қызметі саласында қашықтықтан оқыту технологияларына жалпылай жоспардан тыс және бір мезетте көшуде ақпараттық жүйелердің гетерогендігі, әмбебап шешімдер мен жүйеаралық өзара әрекеттесудің жоқтығы туралы мәселелер толық ашылды.
Жобаның мақсаты: құрамына университеттің LMS-і сыртқы сервистер, платформалар және әртүрлі деңгейдегі жүйелермен өзара әрекеттесуінің стандартталған механизмдері, құралдары, әдістері мен алгоритмдері кіретін білім беру жүйесіне заманауи ақпараттық-инновациялық технологияларды енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Негізгі міндеттері:
- қолда бар техникалық және технологиялық базаны ескере отырып, білім беру жүйелерін ақпараттық-инновациялық қамтамасыз етуді дамыту сценарийлерінің жіктеуішін тұрғызу;
- университет LMS үшін біріздендірілген стандарттарды әзірлеу;
- университеттің LMS сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
- университеттің LMS аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар жиынтығын анықтау;
- ақпараттық-инновациялық технологиялар контекстінде түрлі білім беру жобаларын қолдануды көрсету;
- on-line білім беру сервистері мен жүйелерінің (LMS, визуалды өзара әрекеттесу сервистері, бақылау және мониторинг сервистері) жіктелуін орындау;
- интеграция үшін сыртқы жүйелер мен сервистерді таңдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- университеттің LMS мемлекеттік ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесу алгоритмдерін әзірлеу.
Зерттеу әдістемесі: басқару теориясы, статистикалық талдау теориясы, жасанды интеллект теориясы, экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер теориясы, білімді ұсыну моделі, ақпараттық жүйелерді жобалау теориясы.
Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:
Жыл |
Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
---|---|
2020 жыл |
LMS қызметтерінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамасын бағалауға арналған талаптар жиынтығы анықталды. Университеттің LMS сервистерінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамасына қойылатын талаптар жиынтығын бағалау моделі жасалды. |
2021 жыл |
Интеграция үшін сыртқы жүйелер мен сервистерді таңдау бойынша ұсынымдар әзірлеу. Визуалды өзара әрекеттесу сервистері, бақылау және мониторинг сервистері негізінде on-Line білім беру сервистері мен сервистерінің классификаторын әзірлеу. |
2022 жыл |
LMS бағдарламалық-аппараттық кешені блоктарының және университеттің LMS сыртқы жүйелермен және мемлекеттік АЖ қызметтерімен өзара әрекеттесу алгоритмдерінің өзара әрекеттесуі үшін интеграциялық шлюз негізінде архитектуралық шешім әзірлеу. Университеттер үшін onLine білім беру моделін әзірлеу. |